1.03.2024, 22:50
Оқылды: 12

Ақжайық ауданында кездесу кеші өтті

Бүгін «Өркен» коворкинг орталығында «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалы және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жетістік жолы» деген атаумен кездесу кеші өтті.

1

Бүгін елімізде Алғыс айту күні аталып өтуде. Сонымен қатар, еліміздегі ең ірі саяси ұйым «AMANAT» партиясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға орай шараға партияның аудандық филиалында еңбек еткен, қазіргі таңда еңбек ардагерлері Дәулетжан Жақсыбаев пен Салауат Аймұқашев шақырылды.

Бұл кездесу «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесу қонақтары қатысушыларға өз өмірлері мен еңбек жолдары, партия құрылған уақыттан бастап атқарған жұмыстарын әңгімелеп, сұрақтарына жауап берді.

7

Шара барысында Дәулетжан Әбдірахманұлы белсенді қатысқан көрерменге өз қолтаңбасы мен тілегін қалдырып, кітап сыйға тартты.

Кездесуді қорытындылаған «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Артур Орынғалиұлы Ермуханов партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттерді табыс етіп, кездесуге келген қонақтарға ыстық ықыласын білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлықтарды табыс етті.

"AMANAT" партиясы Ақжайық аудандық филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале