14.09.2026, 17:45
Оқылды: 5

Ақжайық ауданында санитариялық сала мамандарына құрмет көрсетілді

Адам өмірі мен денсаулығын қорғау – кез келген қоғамның тұрақты дамуының басты негіздерінің бірі. Осы жауапты міндетті күнделікті кәсіби қызметіне арқау еткен санитариялық-эпидемиологиялық сала мамандары жұқпалы аурулардың алдын алып, халықтың санитариялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолында еңбек етіп келеді. Кәсіби мереке қарсаңында Ақжайық ауданырың әкімі Мұрат Сердалин сала мамандарын қабылдап, қызметтеріне алғыс білдірді.

IMG_6222

– Дәл сіздер инфекциялармен, эпидемиялармен және өзге де биологиялық қауіп-қатерлермен күрестің алдыңғы шебіндесіздер. Сіздердің жауапкершіліктеріңіздің, білімдеріңіздің және адал еңбектеріңіздің арқасында ауылдарымызда қауіпсіз орта қалыптасып отыр, – деді аудан басшысы. – Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін.

IMG_6290

Ол Чапаев обаға қарсы күрес бөлімшесінің аға зертханашысы Ирина Абылғазиева, «Ұлттық сараптама орталығы» БҚОФ аудандық бөлімшесінің зертханашылары Айгүл Байтымова, Жанаргүл Бисекешева, Тайпақ обаға қарсы күрес бөлімшесінің дезинфекторы Талғат Қауенов, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші мамандары Гүлсая Оразбайқызы мен Салтанат Тұраққызына өзінің алғыс хатын табыстады.

Рақым Берікқали,

Ақжайық ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале