22.11.2022, 23:23
Оқылды: 70

Ақжайықта кәріз шұңқырына түсіп кеткен сиыр құтқарылды

Бүгін сағат 20:20 шамасында Ақжайық ауданы Чапай ауылы Құрманғазы 10/2 мекенжайында кәріз шұңқырына сиыр түсіп кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

441AC53A-7F2E-40F8-811B-55BB6DF7ED2C

Оқиғаны барлау барысында жеке тұрғын үйдің ауласында кәріз шұңқырына құлаған сиырды құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп шығарып алды. Құтқару жұмысы 21:30-да аяқталды.

8A438C3B-F5B1-465F-8FA4-87CD62EBF1D4

29B63C87-6964-43EC-B405-19FB91AE88BD

B63D62F6-E4BE-455F-B3BA-4F1C592C8886
Оқиға орнында қызметтің жедел-құтқару жасағының 1 техникасы мен 5 құтқарушы жұмыс атқарды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале