20.05.2022, 9:45
Оқылды: 83

Ақжайықтың алтын қызы тағы олжалы

Соңғы уақытта ауданымыздан түлеп ұшқан спортшылар республикалық, халықаралық ареналарда топ жарып, жерлестерінің мерейін арттыруда. Жуырда Түркия елінің Анталия қаласында өткен әйелдер күресінен XXIV жастардың халықаралық турнирінен Ақжайыққа сүйінші хабар жетті. 57 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз, аудандық спорт мектебінің түлегі Зейнеп Баянова жеңістің ең жоғары тұғырына көтеріліп, тек туған ауданының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мерейін асқақтатты.

3

ҚР спорт шебері атанған алтын қызымыз бұл спорт бәсекесінің жартылай финалында Қырғызстан спортшысын 14:3 есебімен ұтса, финалдық жарыста Норвегия елінен келген палуан қызбен текетіресті. 4:4  есебімен аяқталған жекпе-жекте Зейнептің айла-әдістерді ұтымды, шебер пайдаланғаны ескеріліп, жеңіс еншісіне бұйырды.

Жерлесіміз жастығына қарамастан Қазақстан құрама командасының сапында ел намысын қолдан бермей, көзге түскен балуан. Бұған дейінде оқушылар, жастар және әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарына қатысып, жүлдегер атанған. Алғашқы жаттықтырушысы Рулан Хамзин болса, қазіргі бапкері Мұсабек Нарегеев.

Әсет Орынғали,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале