2.11.2020, 17:30
Оқылды: 72

Ақжайықтың қос ауылында спорт алаңдары пайдалануға берілді

Өткен аптада Ақжайық ауданындағы Есенсай, Жамбыл ауылдық округтерінде жаңа спорт алаңдары тұрғындарға пайдалануға берілді. Екеуінің де құрылысы тамыз айында басталған, екі-үш айдың ішінде сапалы спорт нысанын пайдалануға берген мердігер компания – «УСТС» ЖШС жұмысшыларына, жергілікті спортсүйер азаматтардың тілектерін қабыл еткен әкімшілікке ауылдастар дән риза.

unnamed (3)
Айта кетелік, бұл алаңдардың құрылысына жергілікті азаматтар өз үлестерін қосты. Мысалы, Есенсай ауылында жұмыссыздар есебіндегі 5 адам, Жамбыл ауылында 2 ауыл тұрғыны құрылыс жұмыстарына тартылған.

Жергілікті бюджеттен жалпы алаңы 800 шаршы (40*20) метр болатын әр алаңның құрылысына 8 млн. 120 мың теңге қаржы бөлінді. Жаңадан бой көтерген спорт алаңдарында волейбол, шағын футбол ойнауға мүмкіндік бар.

Күн жүйесімен қуатталатын жарық көздері де орнатылған. Жасанды жабын төселіп, балалардың жазатайым жарақаттанып қалмауы қарастырылған.

Алаңдардың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Тілекқабыл Ғабдушев, ардагер ақсақалдар, ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында Т.Александрұлы тұрғындарды жаңа алаңның бой көтеруімен құттықтап, осы алаңда жаттығатын жас спортшыларға толағай табыс тіледі.

Л.Өтегенова,
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале