24.02.2023, 18:00
Оқылды: 20

Алаяқтар сан соқтырып кетпесін

Соңғы уақытта қоғамдағы азаматтардың алаяқтарға алданып, қомақты қаражатынан айырылып қалып жатқан жағдайлары жиі кездеседі. Оңай олжаға кенеліп, материалдық жағдайын жақсартуға асыққандар аяғында сан соғып қалып жатады.  Соңғы жылдың мәліметтеріне көз жүгіртсек алаяқтық қызмет түрлері жиілеп кеткендігін байқауға болады. Күнделікті өмірде ұялы телефонымызға әртүрлі хабарламалар мен нөмерлерден қоңырау шалып жатады. Қарапайым халықтың кейбір бөлігі бұл әдістердің алаяқтардың іс-әрекеті екенін бірден аңғарса, кейбіреуі тұзаққа түсіп, шығынға батып жатады.

news12976

Жыл сайын алаяқтық әрекеттерден жеке тұлғалар, мемлекеттік ұйымдар шамадан тыс көп қаржы жоғалтады. Көп жағдайда алаяқтар адамның жеке нөмеріне смс хаттар жіберіп, белгілі бір ұтыс ойынынан сыйлық ұтып алғанын, ол сыйлыққа қол жеткізу үшін активациялық код айту керек екенін немесе қаражат аудару керек екені жайлы хабарлайды. Ойында ешқандай күмәні жоқ, сыйлық ұтып алғанына қуанған адамдар алаяқтардың алдауына тез түседі. Жақын арада қазіргі адам өміріндегі ең қауіпті жағдайлар жөнінде аудандық прокуратура мамандарынан пікір алған едік. Олардың айтуынша қазіргі кезендегі күрделі жағдайларға осы екі мәселе екенін айта кетті.

-Өздеріңізге белгілі Бас прокурордың бастамасымен облыс аумағында қазан – қараша айларында «Заң керуені» акциясы жүргізілді. Жұмыс тобында прокурор, уәкілетті және құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып, барлық аудандар мен ауылдық округтерді аралап шыққандарын айтты. Акция нәтижелерімен азаматтарға, оның ішінде шалғайда орналасқан ауыл  тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді. Олардың мұң-мұқтажы  тыңдалып, туындаған мәселелер анықталды. Және оны тез шешу үшін тиісті органдардың жұмысы үйлестірілді. Сонымен қатар елді мекендердегі қылмыстық ахуалға терең талдау жасалып, тұрғындардың арасына қылмысты алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бірқатар азаматтың  мәселелері сол жерде өз шешімін тапса, қалғандары уәкілетті органдардың қарауына берілген болатын. Іс-шараның нәтижелері бойынша  Бас прокуратураға ақпарат жолданды. Бас Прокурордың бірінші орынбасары Т.Ғ.Тәшімбаевтың жанында 19.12.2022 өткізілген жедел кеңес хаттамасына сәйкес, 2023 жылдың бірінші тоқсанның қорытындысымен «Заң керуені»  акциясының жүргізілу тиімділігіне талдау жүргізу тапсырылды.

Айта кететін тағы бір жәйт қазіргі таңда телефон алаяқтары да белен алып жатыр. Телефон соғу арқылы алаяқтық жасау қазіргі таңда ең танымал көріністердің бірі. Кейбір уақытта телефонға хабарлама келеді әйтпесе біреу телефон соғып, сіз жүлденің иесі болғанын айтады. Белгісіз нөмердің иесі сізді шұғыл түрде теңгермеңізді толтыруын сұрайды. Ондай алаяқтық істердің барлығының бағыты бірдей - сіз теңгермеңізді  толтыруыңыз керек. Бір жерге қоңырау шалуыңыз керек. Иә болмаса ақысыз  нөмірге хабарлама жіберуіңіз керек. Осыған байланысты сізге бірден берер  кеңесіміз - бұндай нәрселерге сенбеңіз. Егер сізге «досыңыз» басқа біреудің телефонынан хабарлама жіберіп, шұғыл түрде осы телефонға ақша салуды өтінсе, сіз телефон соғып шынымен сіздің досыңыз екенін тексергеніңіз жөн.

Мұндай әрекеттер қысқа нөмерлермен байланыста тұрғандарға ақылы қызметтер ұсыну үшін ондай нөмерлерді байланыс жүйелері операторларынан әдейі сатып алады. Мысалға әртүрлі анықтамалық қызмет алуға болады. Қысқа нөмерлерге  абоненттік қызмет төлеу керек болған соң, қызметтер бірнеше рет қымбат  төленеді. Қарапайым байланыс нөмерлері де ақылы болу мүмкін, бірақ ондай  сирек кездеседі. Сол себептен ешқашан қысқа нөмерлерге телефон соқпаңыз, егер білмесеңіз бұл сандар болған жағдайда сіздің теңгеріміңіз «минус» болып, телефон соғу, хабарлама жазу және интернет пайдалану үшін бүкіл соманы операторға төлеп, қостыру қажет болады. Мұндай әрекеттер  ұтыстарға да қатысты. Сізді бір компанияның акциясының жеңімпазы деп қуантса, біреудің телефонына  ақша салуға  асықпай, шынымен  ондай компанияның бар-жоғын тексеріңіз. Сізде телефон соққан нөмерді ресми немесе анықтамалармен салыстырыңыз. Ия болмаса компанияның нөмерін  біліп, акцияның жүргізілгенін өздерінен сұрап біліңіз. Осы орайда Тасқала ауданының прокуратурасы азаматтарға ерекше сақтық танытуды және алаяқтардың құрған қақпанына түсіп қалмауды ескертеді», - деді Тасқала ауданы прокуратурасының аға прокуроры Қайырбек Темірбай.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале