16.11.2022, 15:01
Оқылды: 23

Алдын алған ауруға шалдықпас

Теректі ауданының № 2 ауруханасына тіркелген халық саны (РПН бойынша) - 8536 адам. Соның ішінде 18-70 жас аралығында скринингтен өтуі керек тұрғындар саны -1748. Осы уақытқа дейін 495 адам (28% ) скринингтен өтті.

1

Фото дереккөзі: baq.kz

Скрининг – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынудың алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу.

Ол 2 жас санатында жүргізіледі:

  1. 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар (педиатрдың, мамандардың қарауы, қан мен зәр анализі, аспаптық тексерулер). Балалар жыл сайын кәмелетке толғанға дейін профилактикалық тексеруден өтеді.
  2. 30 жастан 70 жасқа дейінгі ересектер. Тексерудің бұл түріне салалық мамандардың консультациясы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулер кіреді.

Скрининг арқылы төменде көрсетілген сырқаттарды анықтауға болады:

  • Зиянды әдеттерден туындайтын қауіп факторлары;
  • Артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабеті;
  • Глаукома (көз іші қысымы);
  • Жатыр мойны обыры;
  • Сүт безі обыры;
  • Колоректальды обыр;
  • В мен С вирусты гепатиттері.

 Барлық жерлестерімізді өз болашағы үшін жаппай скринингтен өтуге шақырамын.

 

Бекзат Кұбаев,

Теректі аудандық №2 аурухана директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале