16.05.2023, 21:07
Оқылды: 23

Әлеуметтік Кодексте өзгерістер көп

Көпшілікке белгілі, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік Кодекс күшіне енеді. Осы орайда аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін облыс деңгейінде құрылған мобильді топ құрамы ауданымызға арнайы келіп, аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2023-05-16 at 15.33.00

Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев төрағалық етіп, мобильді топтың құрамымен таныстырды. Облыс орталығанан келген Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Г.Орынтаева, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Д.Ысқакова, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Е.Гримова және Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы басқармасының еңбек саласындағы бақылау және талдау бөлімінің бас маманы Т.Асылбеков тақырыпқа сай 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін «Әлеуметтік кодекс» туралы түсіндірді.

WhatsApp Image 2023-05-16 at 16.02.26

Кездесуде атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйесін дамыту, мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын құру және еңбек нарығы бағытындағы жаңа өзгерістер жайлы кеңінен айтылды. Яғни, «Әлеуметтік кодексте» қарастырылған мемлекеттік әлеуметтік қолдау жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгерту, әлеуметтік сын-қатерлердің салдарын жоюға емес, керісінше өмірлік жағдайлардың алдын алуға бағыттау, әлеуметтік саланы цифрландыруды тереңдету, әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту секілді бағыттар слайд арқылы жете түсіндірілді.   Сонымен қатар, соңғы уақытта көп айтылып жүрген 4 күндік жұмыс режиміне де түсінік берілді. Атап айтқанда, заңдағы өзгеріске сәйкес төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасын кезекпен ауыстыру қарастырылған. Демек, бір жетіде 3 күн демалса, келесі аптада соның орнын толтыратыны, оның өзі жұмыс берушінің келісісімен бектілетіні жөнінде айтылды.

WhatsApp Image 2023-05-16 at 15.33.01(1)

Жалпы жаңа кодекстің басты мақсаты – әлеуметтік салада қолданып жүрген заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Бүгінгі күні Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қолданыста 17 заңнама бар. Осы заңнаманың барлық нормаларын  біріктіріп, Әлеуметтік кодекспен қамтылмақ. Осы орайда 9 заңның күші жойылып, 50-ден аса заңға өзгеріс енгізілген. «Әлеуметтік Кодекс» адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды. Ол туғаннан кәмелетке толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру іс-шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек, сондай-ақ жасы ұлғайған шақтағы қолдаулардың барлығы енді осы бір құжатпен реттеледі екен.

WhatsApp Image 2023-05-16 at 15.33.01

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале