2.09.2022, 11:13
Оқылды: 57

Әлеуметтік мәселелерге басымдық берілмек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Жолдауында әлеуметтік мәселелерге баса басымдық берді.


12

Жолдауында Президентіміз: «Еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты факторы. Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.

Біз зейнетақы жүйесін де қайта жаңғыртамыз. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді.

Сондай-ақ, әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз»,- деген болатын.

Әйелдердің зейнет жасын төмендету халықпен өтетін жиналыстарда, басқосуларда айтылып жүр. Халықтың талабы ескеріліп, зейнет жасындағы өзгерістердің болуын дұрыс деп санаймыз.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне де үлкен өзгерістер енбек. Келер жылдан бастап бала күтіміне берілетін төлемақы сәби бір жас алты айға толғанша ұзартылатын болды. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы халық көңілінен шығады деп сенемін.

  Сағима Далабаева,

Қаратөбе ауданы әкімдігінің бөлім басшысы

                       

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале