10.02.2022, 17:15
Оқылды: 66

Алғабас вакцина алудан көш бастап тұр 

Кеше Сырым ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі Өркен Әменов ауылдастарының алдында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Кездесуге Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева және бірқатар сала басшылары қатысты.

IMG-20220210-WA0047

Алғабас ауылдық округінде 39 шаруашылық құрылымдарында 64 адам еңбек етуде. Биылғы жылы округ бойынша барлық дәнді дақылдар көлемі 2660 гектарды құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда көңіл қуантарлық.

IMG-20220210-WA0046

Барлық алынған өнім 3104 тонна, орташа өнімділік 11,6 центнерден келіп отыр. Сонымен қатар, биылғы жылға 3000 га жерге дәнді дақылдар себу жоспарланып отыр.

IMG-20220210-WA0049

Мемлекеттен беріліп отырған демеуқаржыны 2021 жылы округ аумағында 13 шаруашылық алып отыр. Соның ішінде 2 шаруашылық асыл тұқымды мал басын өсірумен айналысып 318 басты құрап отыр.Сонымен қатар, шаруа құрлымдары өздерінің техника паркін жаңарту мақсатында өткен жылы 3 дана МТЗ-82 тракторы және 4 шөпшапқыш, 3 шөпбуғыш құрылғыларын алды. Округте мал азығы қорын жинақтау мақсатында 12500 тонна мал азығы дайындалып,  жинақталған мал азығы мал қыстағына толық жеткізілген.

Күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселенің бірі екпе алу және ревакцинация мәселесі болып отыр. Аудандық аурухана басшысы Роза Тахамбетованың айтуынша, бүгінгі таңда Алғабас ауылдық округі вакцина алуда белсенділік танытып отырған үздік үш округ сапында екенін айтты.

IMG-20220210-WA0050

Жер мәселесіне қатысты да тұрғындар арасында бірқатар сауалдар туындады. Аудан әкімі тиісті сала басшысына сатып алынған қожалық иелерінің жерлері игерілмесе, қайтаруды қадағалауды тапсырды. Жиналысты аудан басшысы Төлеген Серікқалиұлы қорытындылады.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале