1.03.2023, 22:15
Оқылды: 35

Алғыс айту күніне - алғысхат

Бүгін аудандық ардагерлер үйінде Алғыс айту күніне орай жиын өтіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары, белсенді ардагерлер мен зейнеткерлер қатысты. Жиынды «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев ашып, жиналған қауымды атаулы күнмен құттықтады. Сонан кейін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдолов сөз сөйледі.

WhatsApp Image 2023-03-01 at 17.45.25

-Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн 2016 жылдан бері тойланып келеді. Бұл кезінде тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдеріне қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай, бірге көтере білді. Бүгінде бұл мереке қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу сипатына ие болуда. Біздің ауданымызда да түрлі ұлт өкілдері өзара ауызбіршілікте күн кешіп жатыр.

WhatsApp Image 2023-03-01 at 17.45.25 (1)

WhatsApp Image 2023-03-01 at 17.45.25 (2)

Олар аудан өмірінің әр саласында лайықты еңбек етіп, оның дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Бұл да еңбек қатынастары арқылы бір ортада біте қайнасқан еңбек адамдарының өзара сыйластығының артуына, бір-біріне деген алғысының молаюына ықпал ететіні сөзсіз. Еліміздің берекесі мен бірлігін нығайтып отырған игілікті істеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін! – деді ол.

WhatsApp Image 2023-03-01 at 17.45.26
Шара барысында Амангелді Мырзағалиұлы ауданның бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев, аудандық балалар саз мектебінің директоры Жақсылық Бисенғалиев, еңбек ардагері Наталья Сажина, аудандық кітапхананың оқырмандарды қамту бөлімінің басшысы Алмагүл Жұмалиеваларды аудандық ардагерлер кеңесі атынан алғысхаттармен марапаттады. Өз кезегінде Жақсылық Бисенғалиев Амангелді Мырзағалиұлына өз атынан алғысхат пен сый-сияпатын табыс етті.
Еңбек ардагерлері Қабаш Жүнісов, Наталья Сажина, Ғайнөш Дегетаевтар естеліктерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
Мерекелік шара күмбірлеген күй, әуелеген әнмен өз мәресіне жетті.

Асхат Есіркепов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале