4.01.2022, 15:10
Оқылды: 68

Алмалыда ашық біріншілік өтті

Биылғы жылды Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі айтулы шарамен бастады. Кеше округімізде ауыл жастарының бастауымен, ауыл әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған волейболдан  ерлер арасында аудандық ашық біріншілік ұйымдастырылды.

226E81C8-3FC6-44F8-956D-4C8765689C6C

Жарысқа Ақжол,  Алмалы-1, Алмалы-2, Базартөбе, Елтай (Атырау облысы), Тайпақ, Чапаев ауылдарынан барлығы 7 команда қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінде ауыл әкімі Ахмет Жарқынғали, аудандық ішкі саясат  бөлімінің  басшысы Армат Хайруллин барша қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Командалар арасында өткен тартысты ойын нәтижесінде І орынды Алмалы командасы (70 мың ақшалай сыйлық, арнайы кубок),  ІІ орынды Ақжол ауылының командасы (50 мың ақшалай сыйлық,арнайы кубок),  ІІІ орынды Чапаев ауылының командасы (30 мың ақшалай сыйлық, арнайы кубок) иеленді. Сонымен қатар ойын барысында  жақсы белсенділік танытқан ойыншылар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтар болсақ, "Үздік тосқауылшы"  Қарақойшы Асылбек (Елтай),  "Үздік қорғаушы"  Сүлейменов Диас (Тайпақ),  "Үздік доп байланыстырушы"  Мәдиев Ерасыл (Чапай),  "Үздік  ойыншы"  Мақсотов Медет (Алмалы), "Үздік шабуылшы"  Орынбасаров Қуаныш (Ақжол) арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

D88C024F-1E2F-4748-85E7-49C4138AC918

Осындай кең көлемде өткізілген шараға демеушілік танытқан ауылдың  1999-1989 жылғы жас жігіттеріне, шаруа қожалық төрағаларына,  кәсіпкерлерге, жерлесіміз, мектебіміздің түлегі Алмат Жазықбаевқа,  аудандық "Жігер" спорт мектебіне зор алғысымызды  білдіреміз. Ұйымдастыру барысында атсалысқан ауыл әкімі Ахмет Ғалымұлына, мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Самал Нығметқызына,  "Nur Otan"  партиясы Ақжайық аудандық филиалына, мектебіміздің дене  шынықтыру пәні мұғалімі, БЖСМ жаттықтырушысы Асқарбек Құспановқа, жастар ұйымына ризашылығымызды білдіреміз! 

Алмалы ауылдық округі әкімдігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале