30.11.2022, 12:57
Оқылды: 42

«Алматыкітап»: цифрлық оқулықтармен таныстырды 

Бөкей ордасы ауданына «Алматыкітап» баспасының спикерлері келіп, тұңғыш «TopIQ.kz» цифрлық оқулықтар платформасын таныстыру семинарын өткізді.

IMG-20221130-WA0025

Мұндай танымдық шара Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарында өткізілмекші. Баспа мамандары іссапарын Бөкей ордасы ауданы М.С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен бастады. Бірден айта кетелік, іс-шараны БҚО Білім дамыту орталығының әдіскері Айнагүл Берниязова жоғарғы деңгейде ұйымдастырған екен.

Семинарға аудан мектептерінен отыз шақты мұғалім қатысты. Жалпы цифрлық оқулықтар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынып отыр.

Семинарды спикерлер Гүлмарал Қабдолашева мен Елдос Бершинбай жүргізді. Аудан ұстаздары заман талабына сай дайындалған цифрлық жаңалықты жақсы қабылдап, жаңа өнімді жетілдіре түсу ниетінде ұтымды ұсыныстары мен өтімді ойларын да ортаға салды. Интернет жылдамдығы мен мектептерді техникалық жабдықтау мәселесіне қатысты мәселелер оң шешімін тапса, платформаны пайдалануға дайын екендіктерін жеткізді. Өңір ұстаздарын интерактивті тапсырмалар мен анимациялық материалдар, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына арналған цифрлық контенттер қызықтырды. Семинардың негізі бөлімі бейне және аудио сүйемелдеумен «TopIQ.kz» платформасының тиімділігі мен артықшылығы жан-жақты таныстырылды.

IMG-20221130-WA0027

Сонымен бірге «Leader TopIQ», «Бала Абай -2022» республикалық конкурстарға белсене қатысқан оқушылар мен оқытушыларға алғысхаттар мен дипломдар табысталды. 2020-2021 қашықтықтан оқыту кезеңінде «Алматыкітап» баспасы дайындаған цифрлық контент еліміздің көптеген аймақтарында оқу үдерісіне енгізіліп, тиімділігін де көрсетіп үлгерді.

 Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале