6.12.2022, 11:45
Оқылды: 344

Алты пәтердің кілті табысталды

Бүгін Жақсыбай ауылында үлкен той. Көктемде су тасқынынан зардап шеккен алты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, үй иелері жаңа әрі жарық баспананың табалдырығын аттады. 

IMG-20221206-WA0006

Айта кетейік, қараша айында жақсыбайлық көпбалалы ана Элеонора Хамитоваға жаңа үйдің кілті берілген болатын.

IMG-20221206-WA0034

Аудан әкімі Азамат Сафималиев, оның орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев қоныс тойға келіп, қуанышты бөлісті.

IMG-20221206-WA0010

Аудан басшысы Азамат Сафималиұлы құттықтау сөз сөйледі.

– Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін, міне, көптен күткен үлкен қуаныш. Тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, пәтер иелері жайғасуда. Табиғи апаттан кейін жан-жақтан қол ұшын созғандар көп болды. Бәріне де алғыс айтамыз. Мемлекет тарапынан да үлкен қолдау болды. Аталмыш тұрғын үйлер «Қазақстан халқына» ұлттық қордың қаражатына салынды. Иә, құрылыс жұмыстары кезінде көптеген қиындықтар болды. Әсіресе толассыз жауған жаңбырдың кесірінен жұмыс ұзаққа созылды. Дегенмен, ол күндер артта қалды. Үйлер салынды. Жаңа үйлеріңіздің іргетасы мықты, керегесі кең, шаңырағы биік болсын! Іші тек татулық пен береке, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын, - деді аудан әкімі.

InShot_20221206_111252785

Кейін аудан басшысы Наурыз Каргинге, Болат Фазыловқа, Әміржан Қарақұловқа, Қобылан Каринге, Әлібек Досқалиевке, Нұрлан Жапалақовқа тұрғын үйлердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

InShot_20221206_111206869

Шашу шашылды. Ән орындалып, ақ тілектер айтылды. Қызыл лента қиылды.

InShot_20221206_111231847

Әр шаңырақтың төрінде Құран бағышталып, ақ дастархан жайылды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале