9.09.2021, 9:02
Оқылды: 37

Алтын құрсақ аналарға құрмет көрсетілді

Аудан бойынша "батыр аналардың" санаты тағы да екі анамен толықты. Кеше Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев алты баланы дүниеге әкелген аналарға "Күміс алқа" табыстады.

1631113957533

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша "Күміс алқамен" Бұлдырты ауылының тұрғыны Бибігүл Қуатова мен Жамбыл ауылының көп балалы анасы Гүлнафис Сақыпова наградталды.

Бибігүл Ермекқалиқызының тұңғышы Айзат 2006 жылы, ең кішісі Әмір 2020 жылы көрінген. Балалары Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебінде білім алуда.
Ал, Гүлнафис Баймұратқызының тұла бойы тұңғыштары, егіздер Нәзира мен Гүлзира 2004 жылғы, Сырым колледжінің студенттері болса, ұлдары мектеп оқушылары,  алтыншы сәбиі Нұрәділ былтыр дүниеге келген.
Өңірлеріне "Күміс алқа" тағып, құрметке бөленген қос ана аудан әкіміне алғыс білдірді.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале