2.03.2024, 14:30
Оқылды: 8

«Аманаттықтар» үшін елеулі күнде

«Аманаттықтар» үшін 1 наурыз тек Алғыс айту күні ғана емес, партияның құрылған күні. Осы айтулы күнге орай «Аманат» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының су жаңа басшысы Жалғас Ташуов шара өткізді. Мерекелік шараға әр жылдары партияның аудандық филиалын басқарған Тілеген Арыстанбеков, Нұркен Сабиров, Қуандық Рашқалиев, Асылбек Нұралиев, Исатай Құрмашев пен бастауыш партияның басшылары мен белсенділері Қуаныш Елемесов, Анарбек Белисанов, Татьяна Березиналар шақырылды.

IMG20240301165544

Қонақтар өткен күндерден сыр шертіп, партия жұмысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.

IMG20240301165527

Филиалдың атқарушысы хатшысы Жалғас Ташуов та қонақтарға алғыс хаттарын табыс етіп, партияның өрлеу жолында еткен еңбектері үшін алғысын білдірді.

IMG-20240302-WA0016

IMG-20240302-WA0015

InShot_20240302_122624890

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале