18.03.2023, 0:12
Оқылды: 13

Аналар форумы өтті

Бөкей ордасы ауданы орталығында "Әлемнің ажары - ана!" атты форум өтті.

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.14

Аудандық аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық білім беру бөлімі және «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен жүзеге асқан VIII аудандық аналар форумы негізінен халықаралық әйелдер күні қарсаңында болуы керек еді. Ауа райының қолайсыздығынан кейінге шегерілген болатын. Форумға жиналған қауым фойеде аналарымыздың қолынан жасалған ұлттық нақыштағы туындыларымен танысты. Мектептегі үйірмелер мен мектептен тыс тәрбие орталығының тәрбиеленушілерінің қолынан шыққан өнер туындыларын тамашалады.

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.20 (1)

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.20

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.19 (1)

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.19

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.18

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.17 (1)

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.15 (1)

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.15
Форум тізгінін ауданның қоғамдық өмірінде белсенділігімен жақсы таныс Назымгүл Оразгелдиева ұстады. Шара шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев қоғамдағы ана рөлінің маңызына тоқталса, "Нарын шуағы" әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан Бисекенова ауылдық округтердегі аналар кеңесінің жұмысын саралап, кемшін тұстары мен жетістіктерін айтты. Баяндамашының айтуынша, Ұялы ауылдық округіндегі аналар кеңесі мен осы округтегі Шынар Сабированың жетекшілігімен жұмыс жасап жатқан "Мейірім" аналар тобының жұмысы үздік танылғанын атап айтқан жөн. Ұялылық аналар кеңесі өткен жылы да үздік жұмысымен топ бастаған еді. Ардагер ұстаз Найлагүл Нарболова, аналар атынан сөз алған Фаруза Саматова отбасы тәрбиесінің бала өміріндегі бағдаршам екенін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Мектептегі мұғалімдік қызметімен бірге қоғамдық жұмысты да қатар алып жүрген белсенді ұялылық Шынар Сабирова да өзінің пікірін білдіріп, хабарламасын жасады.

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.17

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.16 (1)

WhatsApp Image 2023-03-17 at 21.46.16
Аталмыш шарада мектеп өміріне етене араласып, қоғамдық шараларға белсене қатысқан аналарға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев аудан әкімінің алғысхатын табыстады. Ал, "Нарын шуағы" әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан Бисекенова бірлестік атынан ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына және гендерлік саясатты іске асыру бағытындағы жұмыстарға сүбелі үлес қосқан аналарды алғысхатпен марапаттап, құрмет көрсетті.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале