25.01.2023, 17:15
Оқылды: 31

Апалы-сіңлілі чемпиондар

Апалы-сіңілі Тудахуновалар Бөрлі ауданының атын спорт саласында биікке көтеріп жүргендердің бірі. Жанерке шаңғымен, ал Саида тоғызқұмалақпен айналысады. Апалы-сіңілілер қазіргі таңда №3 ЖОББ мектептің оқушылары. Үлкені Жанерке 8 сынып оқыса, кішісі Саида 5 сынып оқушысы. 

IMG-20230125-WA0046

Спортпен 8 жасынан айналысатын Жанерке қазіргі таңда көптеген жарыстардың жеңімпазы. Спортқа жолды ең алдымен тоғызқұмалақтан бастаған. Жанерке алғаш барып жүрген кезінде үйге келгеннен кейін Саидаға үйретіп, бірге ойнаған. Саида апасының ойнағанына қызығып, ол да қатысқысы келеді. Бірақ  жасының жетпегеніне, санау білмейтініне байланысты алмайды. Жаттықтырушы алты жасқа толғаннан кейін ғана аламын дегендіктен, апасымен жаттығуға бірге барып жүрген. Қызығушылының зор екендігін көріп, жаттықтырушы алты жасқа толмай қабылдаған. Солай үйде бос уақыттарында  екеуі бірге дайындалып жүрді. Олардың спортқа деген құлшынысы мектеп табалдырығын аттамай тұрып басталған. Жанерке үш жыл тоғызқұмалаққа қатысып, мұғалімінің шақыртуымен шаңғымен айналыса бастайды.

Отбасында екеуінен басқасының спортқа қатысы жоқ. Мектеп кездерінде әкесі бокспен, ал анасы баскетболмен айналысқан. Отбасында екі қыз және бір ұл. Жанерке бос уақытында тоқып, музыка тыңдағанды ұнатады. Ал Саида бос уақытында да тоғызқұмалақ ойнайды.

IMG-20230125-WA0045

Жанерке тек шаңғыдан емес, биатлон мен күштік жаттығулардан да жарыстарға қатысады. Оның мақсаты– әлем чемпионы болу. Қазақстанның ұлттық құрама командасына кіріп, олимпиадаға бару. Осы спорт саласында болашағын көреді. Саида да тек Қазақстанның емес, әлем чемпионы болуды армандайды.

Жанерке биатлоннан Павлодар қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасыныңның кубогінде жеке жарыс сайысы бойынша ІІІ орын, шаңғыдан Шучинск қаласында өткен қыс маусымының ашылуында шаңғы жарысында І орын, спорт ардагері Жасқайрат Сыйқовтың мерейтойына арналған шаңғы жарысында еркін жүріс бойынша аудандық турнирде І орын, аудандық «Шаңғы бағдары 2023» шаңғымен спорттық бағдарлау жарысының 16 жастағы қыздар арасында І орын, «Қысқы жүгіру» марафонында 10 км қашықтықта ІІ орын, «Мықтылардың жарысы» атты шаңғы жарысында Орынбор облысының кубогінің ІІІ кезеңінде І орын, 2022 жылы БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияровтан шаңғы спортын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысхат алды.

Саида да тоғызқұмалақтан көптеген жарыстардың жеңімпазы. Ол Бәйтерек ауданында өткен ашық турнирде І орын, 13-14 жас ерекшелігіндегі аудандық турнирде ІІІ орын, Семей қаласында өткен Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында классика түрінен І орын, блиц түрінен ІІІ орын, ұлттық ойындардың облыстық фестивальінде І орын, «Батыс Қазақстан облысының Кубогінің» блиц турнирінде жекелей есепте І орын иегері.

Бір отбасының екі қызының да арманы орындалып, көк туымызды желбіретуіне тілектеспіз.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале