16.11.2022, 9:46
Оқылды: 58

Әр дауыс маңызды

Мен Қазақстан елінің азаматы ретінде 20 қарашада өз таңдауымды жасап, дауыс беремін. Бұл менің еліміздің дамуына, кемел келешегімізді қалыптастыруға қосқан үлесім болмақшы.

1

Фото: gov.kz
Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның дамуы үшін маңызды қадамдар мен қарқынды бастамалар, мазмұнды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Міне, осы өсіп-өркендеуді қалыпты жалғастыру үшін бүгінгі саяси науқанның мән-маңызы зор екені анық. Біз өз таңдауымызды жасай отырып, болашақтың бағдарын айқындаймыз.
Ендеше, әр адамның дауысы маңызды. Сондықтан баршаңызды сайлауға белсене қатысып, ауызбіршілігімізді танытуға шақырамын.

Ермек Аблезов,

Шыңғырлау ауданы

Ақбұлақ ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале