10.01.2021, 18:21
Оқылды: 82

Ардагер өз таңдауын жасады

Сайлауға келуге мүмкіндігі жоқ жандар өз учаскелік комиссиясына телефон шалып, үйден дауыс беру туралы арыз береді. Сондай мүмкіндігін пайдаланған бәйтеректік екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 99 жастағы Макар Дорошенко өз конституциялық таңдауын жасады.

fc817901-7054-4c57-ac71-54a2166caee3

№156 сайлау учаскесінде тіркелген ардагердің өтінішін жерде қалдырмаған арнайы комиссия мүшелері түс ауа Макар Макаровичтің үйіне барып, қарт майдангерге сайлауға қатысуға мүмкіндік берді.

380ccb75-b1dc-4d87-b4da-3e8957842f20

- Дауыс беру әр қазақстандықтың міндеті. Сайлау учаскеме баратын мүмкіндік болмаған соң комиссия мүшелерін үйге шақырдым. Біздердей қарияларды ұмытпай, елеп тұратын сайлау ұйымдастырушылары мен комиссия мүшелеріне ризашылығым шексіз. Әр отандасымды елдегі науқанға белсенді қатысып, өзінің тарихи таңдауын жасауға шақырамын, - дейді ардагер.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале