14.12.2021, 23:31
Оқылды: 109

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті

Бүгін аудандық білім беру бөлімінде аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Сырым ауданының білім саласында ұзақ жылдар еңбек еткен, зейнеткерлікке шыққалы отырған ардагер ұстаздармен кездесу өтті.

1639501559038

Шарада аудан әкімі ұстаздар қауымын ұлық мерекемен құттықтап, аудандағы білім сапасының алтын іргетасын қалаған білім беру ісінің үздіктерімен еркін форматта әңгімелесті.

1639501663182

Аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы облыстық білім басқармасының, аудан әкімдігінің алғыс хатымен Марат Қадыровты, Гүлбақша Ерғалиеваны, Ағиба Төлегеновны, Батырғали Жәңгірхановты, Үміт Жакиеваны, Гүлнар Құсайынованы марапаттап, жылы лебізін білдірді.

1639501587917

1639501966357

Одан бөлек, "Балдырған" балабақшасының меңгерушісі Ғалия Балпысованы зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, құрмет көрсетсе, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанболсынов құрметті қонақтарға ұжым атынан алғысын білдірді. Тағылымы мол кеште ұстаздар естеліктерімен бөлісіп, соңында естелік суретке түсті.

1639501693233

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале