14.05.2021, 11:02
Оқылды: 27

Ардагерге құрмет көрсетті

Облыстық мәслихат депутаты, «Жаңарған өңір» газетінің директор-редакторы Алтынбек Ермекқалиев Жаңақазан ауылдық округіне арнайы барып, Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл еңбеккері, торқалы 94 жастағы Мұса Туманов ақсақалға құрмет көрсетті.

F9AA4CA8-BCEB-4A9B-9482-8D9D15B1D6A4

Ол Жеңіс күніне орай қазыналы қарияға жүрекжарды лебізін білдіріп, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің сәлемдемесін жеткізіп, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің ақжарма алғысын, құттықтау хаты мен арнайы сыйлығын табыс етті.

- Мұса ата, төл мерекеңіз құтты болсын. Сіздің арқаңызда бақытты, мамыражай, тыныш заманға жеттік. Біз сіздерге қарыздармыз. Қан майданды көріп, Отан үшін от кешкен сіздің ерлігіңіз ешқашан ұрпақ, ел жадынан өшпейді. Тамырыңызды тереңге жайып, елдің ағасы, ақсақалы болып, ақ батаңызды беріп, осылай аман-есен отыра беруге Алла тағала нәсіп етсін. Апа, сіз де аман болыңыз. Сіздің де еңбегіңіз ұшан-теңіз. Осы ауылға, ауданның өркендеуіне қосқан үлестеріңіз зор. Сіздердің тілектеріңізбен еліміз көркейіп, дами берсін,-деді Алтынбек Серікқалиұлы. Сонымен қатар Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Садуақас Ғұбашев та ізгі тілегін білдіріп, сый-сыяпат табыстады.

Соғыс ардагері һәм қазыналы қария құрмет көрсете келген қонақтарды қуана қарсы алып, алғысын білдірді. Сөз соңында жас ұрпаққа бейбіт өмір мен амандық тілеп, ақ батасын берді.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале