11.10.2023, 18:00
Оқылды: 40

Ардагерлер арасында спорттық жарыс өтті

Бүгін Казталов ауданы орталығында «Айбын» спорт клубының және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, қайырымдылық айына орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты спорттық жарыс өтті.

20231011113958_IMG_0545

Доданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов қатысып, қарияларға жылы лебізін білдірді.

Ауданымыздың Казталов, Қарасу, Қараөзен, Болашақ, Ақпәтер, Тереңкөл, Талдықұдық, Бостандық ауылдық округтерінен келген қариялар шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі спорт түрлерінен сынға түсті.

20231011122543_IMG_0564

Спорттық дода қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан казталовтық Айтжан Жұмағазиев жүлделі І орынға ие болды. Ал үстел теннисінен болашақтық ақпәтерлік Ернияз Құспанов, шахматтан казталовтық Қайырбай Алтаев жеңмпаз атанды. Спорттық жарысқа белсене қатысқан Молдаш Ситековке естелік сыйлық табысталды.

20231011123258_IMG_0577

Жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне «Айбын» спорт клубының директоры Нұркен Ахметов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов қатысып, спортшыларды марапаттады. Жарысқа қатысушылар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

20231011173247_IMG_0599 20231011173528_IMG_0607

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале