2.11.2020, 9:26
Оқылды: 125

Ардагерлер бақ сынады

Өткен аптада Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында волейболдан аудандық жарыс өтті.

1977AF1A-DE32-427A-B922-C2C2703DE5D0

Дене шынықтыру және спорт кешенінде оздырылған додаға 5 топ қатысып, бақтарын сынады. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Әлихан Досмұхамбетов, аудандық «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров қатысты. Одан әрі Қазақстанның көк туы желбіреп, әнұранымыз шырқалды.

Спорттық шара барысында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы әр округтен бақ сынауға келген қатысушыларға сәттілік тіледі. Кейін аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Қуанышбек Айдарбеков «Бір ел болса» әнін шырқады. Волейболдан жарысқа қатысуға тілек білдірген Қызылоба ауылдық округінен, Жаңақала мектеп-гимназиясынан, №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінен, С.Меңдешев ауылдық округінен, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен сақадай сай тұрған ойыншылар турнирді бастап кетті.

Финалдық жарыс нәтижесінде I орынды аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі иемденді. Жүлделі II орынды С.Меңдешев ауылдық округі қанжығасына байласа, III орынды №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі олжалады.

Сондай-ақ ерекше ойын өрнегін көрсете білген «Үздік ойыншы» бағамына Талғат Бекмұханов (С.Меңдешев ауылдық округі), «Үздік шабуылшы» бағамына Айдар Еспембетов (Қызылоба ауылдық округі) лайықты деп танылды. Әлихан Досмұхамбетов (№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі) «Үздік байланыстырушы» аталымына ие болса, Жомарт Дағаров (аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі) «Үздік тосқауыл қоюшы» аталымын жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегер топтар марапатталып, ұйымдастырушылардың атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале