28.12.2023, 17:00
Оқылды: 14

Ардагерлерді төл басылымға жаздырды

Казталовтық кәсіпкер Серік Жұмабаев облыс орталығына қоныс аударған 23 ардагерді төл басылым «Ауыл айнасына» жаздырды.

IMG_20231228_094835

Елдің қамын ойлаған атымтай жомарт туған жерден жырақта жүрген жандардың ауданымыздың үн парағы арқылы еліне деген сағынышын басуына, ауданымыздағы қарияларымыздың аудандағы ақпараттан уақтылы хабардар болуына үлкен мүмкіндік берді. Ұлт руханиятының ажырамас бөлігі іспеттес газет жанашырлары аз емес. Дегенмен, Серік Абайұлының бастамасы көпке үлгі болады деген сенімдеміз.

Біз газет арқылы елдегі жаңалықтарды, түйткілді мәселелерді оқырманға жеткізуде аянбай еңбек етеміз. Әйтсе де, ауданымыздың төл басылымын қолдауда оқырманның ықпалы зор. Газетке жазылып, ауданымыздың, ұлт руханиятының жандануына үлесіңізді қосыңыз!

 

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале