30.09.2022, 20:15
Оқылды: 62

Ардагерлерге құрмет көрсетілген күн

Бүгін аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова 1 қазан — халықаралық қарттар күніне орай "Аманат" партиясының ғимаратында аға буын өкілдерімен кездесті.

22

Аудан басшысы қариялар мен ақ жаулықты аналарды халықаралық қарттар күнімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді.
Басқосу барысында өздерінің құрметтеріне жайылған дастарханнан дәм татып, жастық шақтың әндерін шырқаған ардагерлер аудан басшылығына да, ұйымдастырушаларға шынайы алғыстарын білдіріп отырды.

33
Жиын соңында аудан әкімі Әлия Биғазықызы кеш қонақтарымен естелік суретке түсіп, сый-сияпаттар табыстады.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале