21.09.2022, 17:46
Оқылды: 46

Архивтің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында Жәнібек аудандық мемлекеттік архив ғимаратында аудан орталығындағы мектеп оқушыларына арналған экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Абдолова, ұстаздар, тағы да басқа шақырулы қонақтар қатысты.

IMG_9298

Шара архив директоры Жанар Қошанованың кабинетінен бастау алды. Онда арнайы дайындалған бейнероликтер мен архив туралы кітапша көрсетілді. Өз кезегінде мекеме басшысы Жанар Диясқызы атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті.

«Президентіміз биылғы жылды Балалар жылы деп жариялағаны баршаңызға мәлім. Сонымен қатар балаларға ерекше назар аудару керектігін, балалардың әл-ауқаты мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі болып табылатынын атап өткен болатын. Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізуге бастама жасады. Осы орайда біз де оқушыларға патриоттық тәрбие беру, архив жұмысымен таныстыру, қызығушылық туғызу және кәсіби бағыт-бағдыр беру мақсатында осындай шаралар ұйымдастырып жатырмыз», - деді архив директоры.

IMG_9305

Одан кейін оқушылар басқа да бөлмелерді, архив қоймасын аралап шықты. Қызмет алушыларға арналған стендқа шолу жасап, ашық есік күніне орай жеке тектік қордан құрылған көрмені тамашалады. Көрмемен тәжірбиелі архивис Гүлшат Дәулетова таныстырды. Сонымен қатар ескі құжаттар, 1919-1924 жылдардағы жазбалар, аудандық газеттің 1924 жылы шыққан нөмірлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері түсірілген бейнежазбалар сынды тағы да басқа қызықты дүниелер көрсетілді.

IMG_9285

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Айтқалиқызы архив қызметкерлеріне алғысын білдірді. Т.Жароков атындағы орта мектептің мұғалімі Жасқайрат Каргин де архивтен тапқан ақпараттарымен бөлісіп, мекеме қызметкерлерінің жұмыс сапасы жоғары деңгейде екенін айтып өтті.

Шара соңында оқушыларға кофе-брейк ұсынылып, олар саяхаттан алған әсерлерімен бөлісті. Оқушылар архив жұмысымен танысқандарына қуанышты екенін айтты.

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале