8.04.2022, 17:15
Оқылды: 50

«Ашық есік» күні 

Бүгін Жәнібек ауданы орталығында М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде 9-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өтті. Аталған іс-шараға Т.Жароков атындағы орта мектеп,  №1 мектеп-лицей, А.Оразбаева атындағы негізгі орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

46

Кездесуде алғаш сөз алған колледж директорының орынбасары Айдарбек Жұманиязов оқушылар мен ұстаздарға қош келдің айтып, колледжбен жіті танысуға шақырды.

47

Әрмен қарай колледждің өндірістік оқыту шеберлері Аслан Нарынов, Абылай Амиров, Перизат Панғалиева факультеттер мен мамандықтардың презентациясын көрсетіп, аулада тұрған жаңадан алынған ауыл шаруашылығы техникаларымен таныстырды.

45

Экскурсия барысында оқушылар техникамен жабдықталған шеберхананы аралап көрді. Сондай-ақ олар колледждің асхана және жатақханасымен де танысты.

48

Мәдина Сағындыққызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале