16.01.2023, 17:15
Оқылды: 30

Асық ату ептілікке баулиды

Бөрлі ауданында ұлттық ойын асық ату мен бес асықтан ашық аудандық турнир ұйымдастырылды.

9

2011-2013 жылы және  2009-2010 жылы туған, сондай-ақ 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының у.м.а Ә. Шукатова, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Р.Бекмұхамбетова, «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің директоры Б.Мыхтыбаев, Ақжайық ауданының ұлттық ойын жаңашыры Қ. Телагисов, Казталов ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорының орынбасары Е.Ерахов, Бөрлі ауданының спорт ардагері Қ.Қажғалиев, Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Е. Стамғазиев қатысты. Жарыстың шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов сөз алып, жарысқа қатысушыларды құттықтады.

- Алыстан ат терлерлетіп, Ақжайық, Казталовка аудандарынан келген спортшыларға ауданымызға қош келдіңіздер дейміз. Қазақтың ерте заманнан келе жатқан спорт түрі асық атудың маңыздылығы зор. Жалпы, көнеден келе жатқан дәстүрлі спортты өздеріңіз жалғастырып келе жатсыздар. Бүгінгі жеңімпаздар болашақта облыстық, республикалық жарыста үлкен жетістікке жетеді, деп сенеміз, - деп атап өтті Асланбек Ахметоллаұлы.

Жалпы жарысқа Ақжайық ауданы БЖСМ, Казталов ауданы БЖСМ, Ақсай техникалық колледжі, Ақсай қаласының №4 ЖОББМ, Ақсай қаласының №6 МЛ, Ақсай қаласының №7 ЖОББМ, Бөрлі №1 ЖОББМ, Ақбұлақ МББК, Кеңтүбек ЖОББМ, Жарсуат ЖОББМ және Бөрлі ауданы БЖСМ командалары қатысты.

Жарыстың қорытынды нәтижелері бойынша жарыстың «Бес асық» түрінен  2011-2012 жылы туылған жасөсіпірім қыздар арасынан бірінші орынды  Ақсай қалалық №6 МЛ алса, екінші орын Ақбұлақ МББК командасына бұйырды. 2009-2010 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында жеңімпаз Ақсай қалалық №6 МЛ атанса, екінші орын Кеңтүбек ЖОББМ, үшінші орын Ақсай қалалық №7 ЖОББМ қыздары еншіледі. 2006-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасындада бірніші орынды №6 МЛ спортшы қыздары алса, екінші орын Кеңтүбек ЖОББМ, үшінші орын Ақбұлақ МББК бұйырды.

Жарыстың «Асық ату» түрінен 2011-2012 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында

Бірінші орын Ақжайық ауданы БЖСМ, екінші орын Бөрлі ауданы БЖСМ, үшінші орын Ақсай қалалық №7 ЖОББМ жеңіп алды.

2009-2010 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында жеңімпаз Ақжайық ауданы БЖСМ спортшылары атанса,  екінші орын Казталов БЖСМ ал, үшінші орын Ақсай қалалық №4 ЖОББМ алды.

2006-2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында бірінші орын Кеңтүбек ЖОББМ, екінші орын Ақсай техникалық колледжі ал, жүлделі үшінші орынды Бөрлі №1 ЖОББМ еншіледі.

Жарыста «Үздік» деп танылған спортшыларада түрлі аталымдармен марапатталды. Айталық, ”Үздік сұрмерген” номинациясымен - Ғайса Нұрхат (Ақбұлақ МББК), ”Жеңіске деген жігерлігі үшін” номинациясымен - Ниязбекұлы Орынбек (Ақсай қалалық №6 МЛ) және ”Үздік ойыншы” номинациясымен - Зинолла Томиристер (Жарсуат ЖОББМ) атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер “Ақсай” мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің медальдарымен марапатталды.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале