11.11.2022, 20:30
Оқылды: 81

Ат спортын дамыту – заман талабы

Кеше Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мәжіліс залында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ауданда ат спортын дамытуға өз үлестерін қосып жүрген бір топ қаратөбелік шабандоздарды қабылдады.

Көкпар фото.jfif (1)

Кездесу барысында аудан басшысы көкпар тартту, теңге ілу, аударыспақ ойынындарында мықтылықтары мен шеберліктерін танытып, өз өнерлерін ортаға салып жүрген атбегілерге алғысын білдіріп, олардың алдағы уақытта да ат спортының кеңінен қанат жаюына ықпал ететіндіктеріне зор сенім білдірді.

- Бұл спорт түрі қанымызда бар, ата-бабаларымыздан келе жатырған мұра. Оны келешек ұрпаққа жалғау, балалардың ат спортына қызығушылығын арттырып, оларды бейімдеу бәрімізге ортақ міндет. Ауданда ат спортын дамыту бағытында не істей аламыз? Өздеріңіздің қолға алған игі істеріңізді алға әкету үшін менің тарапымнан және жиынға қатысып отырған сала басшыларынан қандай қолдаулар қажет. Өздеріңіздің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды тыңдап, өзара пікір алмасу мақсатында сіздермен дөңгелек үстел басында кездесуді ұйымдастырып отырмыз. Өз ойларыңызыды ортаға салып отырыңыздар, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

Аудандағы ат спорты бойынша түрлі шаралардың бел ортасында жүретін қаратөбелік Қайырбек Сағындықов ат спортын дамыту үшін ең әуелі жаттықтырушы маман керек екендігін алға тартты.Талай додаларға қатысып, жүлделерге ие болып жүрген Мұратбек есімді соналылық шабандоз жігіттің алдағы уақытта спорт мектебі жанынан ат спорты үйірмесі ашыла қалған жағдайда жаттықтырушы болуға лайық екендігін айтты.

Көкпар фото 1.jfif (1)

Шабандоз Бауыржан Шүрмен ат спортына қатысты өз ойын білдіріп, бұл өзекті мәселенің дамуына сүбелі үлес қосып. ауданда көкпар, теңге ілу, аударыспақ тағы да басқа ойындарды ұйымдастыруға атсалысып жүрген Қайырбек Сағындықовқа ризашылығын білдірді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин ат спортының адам денсаулығын шыңдай түсетіндігімен қатар оның тәрбиелік маңызына туралы айтты .

Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, сала басшылары Ғалымгерей Қайырғалиев, Берікжан Ғарапшиев, Дулат Қоламанов, ЕрнарНысановтар ат спорты жұмысын ұйымдастыру бойынша өз ойларын ортаға салды.

Басқосуда ең әуелі ат құлағында ойнайтын мықты шабандоздарды дайындау үшін оларды жаттықтыратын білікті маман керек екендігі, көкпар ережесіне сай ат санының жеткілікті болуы, аттарды баптау мәселесі кеңірек айтылды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы алдағы жылы спорт мектебі жанынан ат спорты үйірмесінің ашуға мүмкіндік бар екендігін айтып, шабандоздарға сыйлықтар табыстады.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале