27.12.2022, 11:30
Оқылды: 37

Ат спортының үздіктері марапатталды

Казталов ауданы орталығында «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен ат спортының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.

20221226140758_IMG_1271

Салтанатты шараға аудан әкімі Рүстем Зұлқашев қатысып, атбегілер мен шабандоздарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Марапаттау рәсімінің алдыңғы легін «Бәйге» федерациясының аудандық филиалының президенті Нұрболат Әдиетов бастап, «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы редакция алқасының шешімімен «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» және Қазақстанда туған спорттық қолтума бәйге аттарының өсіп өркендеп, дамуына қосқан үлесі, ерен еңбегі мен табандылығы үшін «Ұлт мақтанышы» медальдарымен марапатталды.

IMG_20221227_100903

Сондай-ақ БҚО Бәйге федерациясына аудан әкімінің алғысхаты табысталып, шапан жабылды.
Қорытынды кеш барысында Ырысбай Егінбек, Ерасыл Нұрғали, Арман Аманжол, Еркеш Усан, Ершат Омарғалиев үздік шабандоздар қатарынан көрінсе, Ербол Қиясов, Миржас Төлегенов, Аманжол Қажығалиев, Бағнұр Қабдығалиев, Бексұлтан Ибатов, Талғат Есболов, Нұрболат Шоқпаров, Нұрлан Нұғманов, Серік Ахетов, Абылай Шакуов үздік атбегі аталымдарымен және спортқа деген жанашырлығы үшін аудан әкімінің алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

IMG_20221227_100847
Салтанатты кешті ауданның белгілі өнер майталмандары жанды дауыстағы әндерімен, ырғақты билерімен әрледі.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале