20.10.2022, 14:30
Оқылды: 40

«Ата өнегесі – ұрпаққа аманат»

Дәл осындай атаумен жақында Тасқала ауданындағы Мерей ауылында ата мен немерелер сайысы өтті.   

5

Ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында  өткен іс-шараны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі  ұйымдастырды. Байқауда қатысушылар бата беру, қамшы өру, асық атудан бақ сынады.

6

Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған байқауға ауыл тұрғындары белсене қатысты.  Ата мен немере арасындағы әдемі қарым-қатынасты, ұрпақтар сабақтастығын көпшілікке үлгі еткен іс-шара жоғары деңгейде өтті.

7

Байқау қорытындысында Шежін ауылынан Мырзағалиевтер отбасы бірінші, Тасқала ауылынан Үмбеталиевтер отбасы екінші, Амангелді ауылынан келген Ақжігітовтар отбасы үшінші орын иеленді.

Гүлжамал Кенжеғалиева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале