1.11.2022, 23:55
Оқылды: 29

Аудан әкімі Халықовтар отбасын қабылдады

31 қазан күні Казталов ауданы әкімі Рүстем Мүлкайұлы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары Халықовтар отбасын қабылдады.

20221031111759_IMG_8676

Отағасы Меңдіхан Халықұлы мен отанасы Тойған Ахмет аудан басшысының қабылдауында аталған байқаудан алған әсерлерімен бөлісті.

20221031102815_IMG_8658

Қабылдау барысында Халықовтар отбасы жөнінде әзірленген бейнежазбаны тамашалап, қоғамдық, ұлттық мәселелерді баяндап, өткен ғасыр мен жаңа ғасырды жалғаған естеліктерімен бөлісті.

Облыс атынан қатысқан үлгілі отбасы ұлттық байқаудың жүлдесіне ие болып, 21 қазан күні елордамыз Астана қаласында марапатталған болатын.

20221031102636_IMG_8655

- Ауданымызда ұлттық дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тапқан. Бұл - ұлттың ұлт болып қалыптасуындағы үлкен қасиеттің бірі. Осынау қасиетті бойына сіңірген аудан тұрғындарының ішінде бірнеше отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында аймақтың намысын қорғады. Ал, Қошанкөл ауылдық округінен екі үлгілі отбасы шығып, аудан намысын республикалық додада қорғады. Сіздің отбасыңыз да ұлттық салт дәстүрлерді, құндылықтарымызды дәріптеп жүрген, қазақы мінезден жаңылмаған көпке үлгі отбасы. Сіздердің бүгінгі жетістігіңіз аудан тарихында алтын әріптермен қашалып жазылатындығы сөзсіз, - деді аудан әкімі.

20221031103005_IMG_8660

Рүстем Мүлкайұлы Халықовтар отбасына республикалық додада аудан мерейін асқақтатқаны үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтармен марапаттады.

Айта кетейік, 2017 жылы Бегалиевтар отбасы, 2019 жылы Қарсақовтар отбасы, 2022 жылы Халықовтар отбасы аудан намысын қорғап, ұлттық байқаудың дипломанты атанса, 2021 жылы Өтеғұловтар отбасы облыстық кезеңде топ жарып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале