9.12.2022, 12:45
Оқылды: 34

Аудандық спартакиада басталды

Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында аудандық спартакиада өтуде.

IMG_4963

Алдымен Қазақстан Республикасының көк туы желбіреп, әнұраны айтылды.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Ғаббасов, «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров қатысты.

IMG_4987

Ақнұрлы Нұрғалиқызы сөз алып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Дүбірлі додаға аудандық аурухана, Жаңақала желілік-өндірістік басқармасы, жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, білім беру бөлімінің «Жауқазын» бөбекжайы, №16 өрт сөндіру бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі командалары қатысуда.

IMG_4970

 Сайыстың ашылу салтанаты аяқталған соң жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі командалары волейбол ойынын бастапкетті.

Жарыстың қорытындысын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале