23.08.2022, 19:43
Оқылды: 65

Аударыспақтан жарыс өтті

Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Спорт күніне орай ересектер арасында аударыспақтан аудандық жарыс өтті.

IMG_20220823_193335

Жарыстың мақсаты – ұлттық спорт түрлерінен жарысты өткізу арқылы қоғамда ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырып, насихаттау, деңгейін көтеру, дамыту.

Спортшылар 60, 80, +80 келі салмақта, 5 минуттан белдесті.

IMG_9317

60 келі салмақ дәрежесінде Б.Қисымов I орын, Р.Дюсеков ІІ орын, М.Құмаров ІІІ орынды иеленсе, 80 келі салмақта Ж.Уахитов І орын, Ш.Ермекқалиев ІІ орын, А.Болатов ІІІ орынға ие болды. Ал +80 келі салмақ дәрежесінде Е.Сұпығалиев І орын, М.Жұмабаев ІІ орын, Ж.Сыралиев ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале