14.02.2024, 14:31
Оқылды: 22

«Ауған желі» аудандық байқауы өтті

Сырымда Ауғанстан Демократиялық республикасынан Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне 35 жыл толуына орай «Ауған желі» атты ауған әндерін орындаушылардың аудандық байқауы өтті.

IMG_1332

А.Ғұбайдуллин атындағы балалар саз мектебінің оқытушысы Бақытжан Жанұзақов, аудандық мәдениет үйінің акомпаниаторы Ринат Шайхиев, көркемдік жетекші Еркегүл Өтенғалиева қазылық еткен байқауда Серік Сағидуллин, Мәди Қайыров, Айым Ерғазы алғашқы кезеңде ауған әндерін орындаса, ІІ кезеңде патриоттық ән айтудан бақ сынасты.

IMG_1330

 І орынға жымпитылық Серік Сағидуллин, ІІ орынға қособалық Айым Серғазы лайық деп танылса, жамбылдық Мәди Қайыров алғысхат иегері атанды.

IMG_1329

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале