31.05.2022, 12:29
Оқылды: 84

Аурухана ұжымымен кездесті

 Референдум – халық үні. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша 5 маусымда республикалық референдумда халық өз үнінің үйлесімділігін, береке-бірлігін паш ете алады. Осы орайда Қаратөбе аудандық қоғамдық штаб өкілдері аудандық орталық ауруханада болып ұжыммен кездесті.

71B79B01-E022-4B81-AEEF-08E861BC4AC3

Аурухана қызметкерлерімен жүздескен қоғамдық штаб мүшелері Мәулен Қожахметов пен Айгөлек Андирова Конституциямызға енгізілетін өзгерістер турасында түсінік берді.

– Халық қалауымен Ата Заңға өзгерістер енгізілген жағдайда азаматтардың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі артады. Бұл шынайы демократиялы мемлекеттің ұстанымы, яғни халыққа өз басшыларын өзі сайлауға мүмкіндік беруі.

A992BC91-E769-4DDB-AFAB-AF53554B2608

Қазіргі Конституция бойынша мәслихат депутаттарының өкілеттігі шектелген, олар Мемлекет басшысы ұсынатын бір ғана кандидатураға келісім береді немесе келісім бермейді. Сондықтан саяси жүйенің жаңаланып, жаңғыруын қалайтын ел халқы референдумда өз үнін білдіруге мүдделі, - деген Мәулен Ғалиоллаұлы барша ақ халатты абзал жандарды референдумға қатысуға шақырды.

Кезегінде сөз сөйлеген аурухана қызметкерлері көкейіндегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауап ала алды.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале