9.10.2022, 16:08
Оқылды: 39

Ауыл әкімін сайлауда

Бөрлі ауданы, Ақбұлақ селолық округінің №102 сайлау учаскесінде әкім сайлауы өтуде.

74

-Біздің ауылымызда биыл бірінші рет өтіп жатқан әкім сайлауы басталды. №102 сайлау учаскесі өзінің қызметін таңғы сағат 07.00-ден бастап жүргізе бастады. Жалпы ауылымызда 23 сайлаушы бар. Қазіргі таңда 40 пайызы дауыс берді. Ауыл тұрғандары белсенділікпен қатысуда. Үш үміткеріміз бар, соларға дауыс берудеміз. Кандидаттар келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өздерінің бағдарламаларымен таныстырды, – дейді №102 сайлау учаскесінің төрағасы Зайдагүл Оразбекова.

8

-"Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Заңына сәйкес Ақбұлақ селолық округінен 3 үміткер сайланды. Ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Өздерінің бағдарламалық жоспарларымен таныстырды. Ауыл халқы қалаған әкімдеріне дауыс беруде. Жоспарларында 2023 жылдан бастап ауылдың көшелерін асфальттау жұмыстары бар. Одан бөлек ауылдың тазалығы, спорт алаңдарын салу да бар. Ауыл халқы осы жоспарларды естіп, қуануда. Тың уақытынан бері келе жатқан бөгет бар. Бөгет тартылғанда малға да су табылмай қалады, сол бөгеттің жөндеу жұмыстары аяқталса, тұрғындар да қуанар еді. Халықтың көбі Ақсай қаласында істейді. Қыста қар, көктемде балшық болып, көлік қозғалысы қиындайды. Сол себепті тезірек жол жасалып, осы жол мәселесі тезірек шешілсе екен. Ауыл халқы көбейіп, жақсы әкім келсе, ауылымыз көркейеді деген үміттеміз, – дейді Ақбұлақ селолық округі қоғамдық кеңесінің төрағасы Жәрдем Сейітов.

Айта кетейік, бұл ауылда да үміткерлер саны үшеу. Бірінші үміткер Нұрдәулет Қамидоллаұлы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінде бас маман қызметін атқаруда. Екінші үміткер Мықтыбаев Бауыржан Жолдасқалиұлы «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорты кешені» МКҚК директоры қызметінде. Үшінші үміткер Өмірғалиев Ерлан Болатұлы 2019 жылдан ббері Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқаруда. «AMANAT» партиясының мүшесі.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале