6.10.2023, 23:57
Оқылды: 55

 "Ауыл аманаты": Қаржы бар жерде бақылау бар

Бөкей ордасы ауданы әкімінің у.м.а Біржан Меңешовтың төрағалығымен "Ауыл аманаты" жоба кеңесінің отырысы өтті.

жер аманат (2)

Аталмыш жиынға тиісті мекеме басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері онлайн және оффлайн форматында қатысты.

Өз кезегінде Біржан Меңешов:

- Аудан халқының табысын арттыру мақсатында ағымдағы жылы "Ауыл аманаты" бағдарламасын жүзеге асыру үшін барлық аудан бойынша скрининг жүргізіліп, нәтижесінде 179 адам несие алуға ниет білдірген болатын.

Күні бүгін "Ақжайық" әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы АҚ-ына 106 адамның құжаты тапсырылды. Соның ішінде 53 адамның құжаттары қазіргі таңда тиісті комиссиядан өтуде.

Атап айтқанда, аудан тұрғындары етті бағыттағы ірі қара малын бордақылауға, асыл тұқымды сүтті бағыттағы, асыл тұқымды қой малын және гидропоника - өсімдіктерді топырақсыз жасанды ортада-қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісімен айналысуға қызығушылық білдіртіп отыр.

Қазіргі танда 17 адамның құжаты қаралуда болса, 23 азаматтың құжаты несие алуға мақұлданып отыр. Ал 13 жерлесіміз несиелерін алды.

Осы қазан айында толық малын алады, алған несие қаржыларын мақсатты жұмсалуына қатаң бақылауда болады.

Ендігі кезде кеңес мүшелерінің мақсаты - алынған несиені орында пайдалануын бақылау. Сөздің ашығына келсек, облысымызға қарасты кейбір аудандарда несиені алып, туысының атындағы малды тіркетіп қойған фактілер анықталуда. Немесе құжат бетінде көрсетілген жас малдың орнына арзан бағаға кәрі малды алу фактілері тіркелуде. Осыны айта отыра, аудандық ветеринария станция басшысы мен ауылдық округ әкімдеріне несие алушылардың алған малын тексеруді тапсырамын. Бизнес жоспарында және құжатта көрсетілген шаруашылық малдың жасы сәйкес болу қажет. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері несие алушылар үкіметті алдау мақсатында өз туыстарының немесе таныстарының малын өтірік өз аттарына аударуға жол бермеулері қажет. Осы мәселелерге мұқият болуыңыз сұралады, - деді Біржан Меңешов.

Сонымен қатар жиын барысында несие алған азаматтардың бизнес жоспарында көрсетілген талаптарын орындату мәселесі талқыланды. Мысалыға, қазіргі таңда несие алушылар өз жоспарларында 60-қа жуық азаматты жұмысқа тартамыз деген ақпаратпен бөліссе, күні бүгін бір де бір жерлесіміз жұмысқа тартылмағаны айтылды. Біржан Меңешов осы мәселені де толықтай зерттеп, бір шешімін шығаруды тапсырды.

Еркебұлан Бисенғалиев, 

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале