2.07.2022, 14:12
Оқылды: 102

Ауыл азаматын қолдап, тазалық сақтайық!

«Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде» деген мәтелді кей ауыл тұрғындары ұмыт қалдыратыны өкінішті. Тазалыққа мән бермейтіндер көп. Бәріміз де тұрғылықты үйіміздің, ауламыздың абаттанғанын, көрікті болғанын қалаймыз.​ Ал көше, ауыл тазалығына келгенде, ешкімге қажет емес секілді. Мақаламызды тап осындай сөздермен бастауға тура келіп отыр.

ÇÒÙ½ áºá¼áÔÙ¡ ¬«½ñá» Ôáºá½Ù¬ ßá¬Ôá®Ù¬ (2)

Жақында редакциямызға Казталов ауданы орталығының тазалығына жауап беретін «Айқын» жеке кəсіпкерлігінің жетекшісі Мержан Шамғонов бас сұқты. Жас та болса бас болып, Казталов ауылындағы тазалық жұмыстарын ұйымдастырып жүрген азаматтың назын тыңдадық.

- Біз тазалық жұмыстарымен айналысып жүргенімізге биыл екінші жыл толады. Басында осы кəсіпті таңдауым - аудан орталығының көркеюіне, ауыл тазалығына үлес қосайын деген ынтам болды. Сол себептен сенімгерлік басқарумен ауыл сыртындағы қоқыс полигонын өз қарамағымызға алып, əр көшеге қоқыс төгетін контейнерлер қойдық. Əрбір тұрғынмен арнайы келісімшарт жасадық. Мəселе осы жерден туындап отыр. Ауылымызда 1300 түтін болса, соның 800-і ғана келісімшартқа отырды. Ал қалғандары əр түрлі сылтау айтып, келісім жасаудан бас тартты. Тұрғындар контейнерге қоқыс тастағандары үшін шарт бойынша ай сайын 500 теңге қаражат төлейді. Ай сайынғы төлемді жинаудың өзі қиынға соғып отыр. Мүлдем төлемей немесе төлемді кешіктіріп жатады. Ал осы тұрғындардан жиналатын қаражатқа қоқыс шығаратын техникамызға қосалқы бөлшек алып, жану-жағармай құйып, қарамағымдағы жұмысшыларға жалақы төлеймін. Айына небəрі 300 мың теңге қаражат жиналады. Оның өзі кассирдің табандылығының арқасында жиналып отыр. Ол əрбір үйді аралап, табанын тоздырады. Түскен қаражат кей кезде жетпей де жатады. Ал техника сынып қалса, ол да үлкен бір мəселе. Жетпеген қаражатты табу үшін қосымша қызмет атқаруыма тура келеді. Тұрақта көлік жөндеймін, дəнекерлеу жұмыстарын жасаймын. Тағы да бір атап өтер жайт, аудан орталығындағы кəсіпкерлер мен мекемелер қоқыс шығаруға келісімшарт жасамайды. Ал көшелерге қойылған контейнерлерге күл-қоқыс тастауда алдымызға жан салмаймыз. Ол кезде шарт жасамаған мекемелер де, кəсіпкерлер де, ауыл тұрғындары да қоқыстарын тастап жатады. Техникамыз сынып қалса, қоқыс жиналмай қиындық туындайды. Ондай кезде бəрі біздің мекемені кінəлап шығады. «Уақытында жинамайды, контейнерлердің айналасы шашылып жатыр» деген сөздерді естиміз. Қоқысты ешкім даладан əкелмейді ғой. Бəрі өзіміздің үйімізден шығып жатыр. Тұрғындардың қоқыс төгетін контейнерге тастап жатқандарын көрсеңіз. Құрылыс материалынан бастап малдың терісі, бас-сирағы, ішек-қарынына дейін салып жатады. Масқара ғой!

Жұмысқа да жұмысшы жоқ. Полигон басында қалдықтарды сұрыптап, жинайтын адам таба алмай отырмыз. Сонда ауыл тазалығы бізге ғана керек пе? - деген ренішін білдірді.

Расында, кəсіпкердің сөзінде жан бар. Қазіргі күнде 500 теңгеге 1 қорап темекі де ала алмайсыз. Сол ақшаны ауылымыздың тазалығына жұмсасақ, нəтижесі жаман болмасы анық. Тазалықты өзімізден ғана бастауымыз керек. Қоғамдық санамызды түзеп, туған ауылымыздың да таза болуы өзімізге байланысты. Мысалы, көшеде келе жатып темекінің тұқылын, су ішкен құтымызды кез келген жерге тастай берсек, кейін қоқыған жермен де жүретін өзіміз. Бұрын қоқыс тастайтын контейнерлер болмаған кезде, əр көшенің бұрышында күл-қоқыс, тұрмыстық қалдықтар шашылып жататын. Ал қазір ше? Көшелеріміз асфальтталып, абаттанып жатыр. Қалдықтар арнайы орынға төгілуде. Ауылымыз көркейіп келеді. Сонда тазалық кімге қажет?! Ел болып, ауыл болып Мержанды қолдап, ауылдың тазалығын сақтайық, ағайын!

 

Қайрат Жақып, 

Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале