8.11.2021, 11:00
Оқылды: 68

«Ауыл - ел бесігі» жобасы іске асуда

Биыл Жәнібек ауданының орталығында төрт көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Бүгінде төрт көшенің де жұмысы басталып та кетті. Биыл аталмыш көшелердің бір бөлігіне асфальт төселсе, қалған бөлігі келесі жыл аяқталады.

11

Осы орайда биыл жоспарлаған жұмыстар Р.Егізбаев атындағы көшеде өз шешімін тапты. Негізі жоба бойынша асфальт төсеу ұзындығы 1.8 шақырым болса, соның 1 шақырымына қатқыл табанды жол төселді. Мердігері «РСУ-1» ЖШС-і болса, техникалық қадағалаушы «Алау эксперт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

12

Жобалаушы мердігер «Стройконсалтинг» ЖШС-і. Жобаның жалпы құны 224 млн теңгені құрайды. Жоба «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында, сонымен қатар «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы бойынша жүзеге асырылуда.

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале