24.11.2023, 22:00
Оқылды: 10

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні тойланды

Еліміздің өркендеу жолында, ел әлеуетін көтеріп, дамытуда ауыл шаруашылығы маңызды рөл атқарады. Мемлекет экономикасында ойып тұрып орын алған бұл сала көшіміздің ілгері басуына көп септігін тигізуде. Әрине, бұл ауылшаруашылық саласы мамандарының елеулі еңбектерінің арқасында.

image-24-11-23-09-43-3

1998 жылы қарашаның үшінші жексенбісі «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні» ретінде заңнамалық деңгейде бекітілген болатын. Шыңғырлау ауданында бұл мереке «Дән» мәдениет үйінде аталып өтті. Мерекелік шара шағын көрмеден басталып, аянбай еңбек еткен, тынымсыз тер төккен қызметкерлерді марапаттау рәсіміне жалғасты.

image-24-11-23-09-45

Аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы құттықтау сөзін арнап, әр түрлі дәрежедегі медальдар мен алғысхаттарды табыс етті. «Үздік бақташы», «Үздік механизатор», «Үздік бау-бақша шаруашылығы» сынды номинациялар лайықты иелеріне табысталды.

IMG-20231124-WA0024

Салтанатты шараның қонақтарына арналып концерттік бағдарлама қойылды.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале