25.11.2021, 20:08
Оқылды: 80

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Бүгін Казталов аудандық мəдениет үйінде ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жəне ауыл шаруашылығы, тамақ жəне өңдеу өнеркəсібі қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. 

WhatsApp Image 2021-11-25 at 19.58.44

Шара шымылдығын аудан бойынша ауыл шаруашылық саласындағы жетістікті баяндаған бейнеролик көрсетілді.

Сахна төрінен жуырда облыс орталығында өткен салтанатты жиында марапатқа ие болған, Казталов ауданының ауыл шаруашылық саласының дамуына зор үлес қосқан аға буын өкілдері туралы хабарланды. Атап айтсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің "Еңбек ардагері" медаль иегері Талап Мұқанов, "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төс белгісінің иегері Жұмағұл Қажығалиев, Ауыл шаруашылығы Министрлігінің "Алғыс хаты" Сатыбалды Таспиховке табыс етілсе, Батыс Қазақстан облысы əкімі Ғали Есқалиевтің марапатымен Тарғын Бермағамбетов "Үздік механизатор" аталымының иегері атанды.
Салтанатты шарада сөз алған Казталов ауданының əкімі Альберт Есалиев айтулы күнмен барша жиналған сала мамандарын құттықтады.

WhatsApp Image 2021-11-25 at 19.58.47

WhatsApp Image 2021-11-25 at 19.58.49
Альберт Темірболатұлы аудан əкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев пен "Кеңдала" шаруа қожалығының жетекшісі Абуғали Ғұмаровқа ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің "Құрмет грамотасы" табыс етті.
Сонымен қатар аудан басшысы ауыл шаруашылық саласында аянбай қызмет жасап жүрген ауданның бір топ азаматтарына алғыс хаттар табыстады.
Казталов ауданының дамуының негізі болған сала қызметкерлері бас қосқан шара С.Садықов атындағы өнер ордасының əдемі əндерімен өріліп, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты шара жалғасып, "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың атынан келген алғыс хаттарды "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин шаруа қожалық жетекшілерін марапаттады.

WhatsApp Image 2021-11-25 at 19.59.02 (1)

WhatsApp Image 2021-11-25 at 19.59.03
Ауданда ауыл шаруашылықты дамытқан шаруаларға аудан əкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ҚР ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіп одағының "Елеулі еңбегі үшін" медалімен жəне Батыс Қазақстан облыстық Жергілікті ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіп одағының алғыс хаттарымен марапаттады.

WhatsApp Image 2021-11-25 at 19.59.02
Шара соңы мерекелік əн шашуға ұласты.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале