Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде
7 Мамыр 2021

Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде

Бүгінгінің батырлары сап түзеді
7 Мамыр 2021

Бүгінгінің батырлары сап түзеді

Депутат сыйы
7 Мамыр 2021

Депутат сыйы

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі
7 Мамыр 2021

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі

Мерекеде бөрліліктер баспаналы болды
7 Мамыр 2021

Мерекеде бөрліліктер баспаналы болды

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады
7 Мамыр 2021

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады

Ауылдарда өткен Ашық әкімдік нақты міндеттер жүктеді

Шыңғырлау ауданының барлық ауылдық округтерінде Ашық әкімдік күндері оздырылды. Аудан әкімі Альберт Есалиев бастаған мекеме, бөлім басшылары халықпен  жүздесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Shyngyrlau ashyk akimdik (1)

Алмазда жұртшылық аудан орталығынан келген басшылардан өздеріне қажетті мағлұматтар алып, ақыл-кеңестеріне қанықты. Қазіргі таңда ауылдағы шөп, жұмыссыздық, мал бағатын бақташының жоқтығы туралы  мәселелер ортаға салынды. Ауыл-елдің жағдайы тек қана Үкімет тарапынан ғана емес, жергілікті халықтың ынта-жігеріне, еңбекке деген қабілетіне де тікелей байланысты екендігін аудан әкімі әрбір жұмыс сұраушы тұрғынға шама-шарқынша түсіндіріп бақты.

- Көптеген мәселелердің ауыл пайдасына шешіліп жатқандығы, шағын және қомақты несиелер, көмек қолдаулардың нақты екені айдан анық. Тек заман ағымына қарай қарекет қылып, қол қусырып отырмаған жөн,- деді аудан басшысы.

Shyngyrlau ashyk akimdik (2)

Ақшаттағы іссапарда ауыл-елде мал басының көбейіп, шағын кәсіпкерліктің дамып келе жатқанының да куәсі болдық. Әсіресе, мал өнімдерін пайдалану арқылы үйдің бюджетін толықтырып отырған ауыл әйелдерінің еңбектері зор. Сары май, құрт-ірімшік, тары-талқан сатып отырғандардың дені тек күн көріс үшін емес, бұл жұмысты бизнеске айналдырғандары да бар екен. Базарда тұрып уақытыңды алғанша, үйден-ақ What'app желісі арқылы сауда- саттығыңды жүргізе бересің дейді жаңашылдыққа ден қойған ауылдағы әжелер.

Жұмыс жөнінде аудан әкімімен арнайы кездескен  бір топ ақшаттық тұрғындар бәрінің де  биржаға тіркеліп жұмыс істеп жүргендерін, бірақ  тұрақты жұмыстың жоқтығынан тағы да өтінішпен келгендерін жасырмады.

Ашық әкімдік күндері Қарағаш, Ақбұлақ ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

Shyngyrlau ashyk akimdik (3)

Тұрғындар көкейтесті сұрақтары бойынша басшылармен жеке-дара сөйлесуге мүмкіндік алып, олардың жауаптарына қанағаттанды. Бұл округтерде де биылғы жылғы шөптің тапшылығына орай бағаның қол жетімді болуын қадағалау,  жұмыс мәселесі, қараусыз мал, бақташының жоқтығы туралы тұрғындардың арыз-шағымдары тыңдалды. Ауыл тұрғындарына жұмыспен қамту шаралары, шағын несие, құс өсіру, сүтті, етті ірі қара мал сатып алудың жолдары, әлеуметтік қолдау туралы тағы бір мәрте  түсіндірілді.

Көрші ауылдарға қарағанда, Қарағашта мал басы көп емес, ал шөп бағасы шығымына қарай болар, аз-мұз арзанырақ. Бір орам шөпті 1800 немесе 2000 теңгеге сатып алуға болады. Десек те, тұрғындардың оны да місе тұтпай отырғаны көңілді жүдетеді. Жері шүйгін, суы мол Қарағаш жерінде, әсіресе, асыл тұқымды мал шаруашылығын өркендету дұрыс болар еді, осы тұрғыда мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар бойынша біраз істер атқарылса деген бағыттар берілді. Ауыл тұрғындарына осы бағытпен сүтті мал тұқымын алып өсіруге кеңес берілді.

Ақтау ауылдық округінде өткен ашық әкімдік шарасында тұрғындардың өтініштері негізінен алдағы уақытта ауыз су қорының жинақталуына деген алаңдаушылықтан басталды. Сонымен қоса ауылда интернет желісінің жоқтығын тілге тиек етіп, аудан басшысына өтініштерін айтты, жол мәселесін, сатылымға шыққан шөп бағасы, жұмыссыздық туралы мәселе көтерді. Дәрігерлік қызметке деген шағымдары да қаперге алынды.

Ашық әкімдік шарасы ауыл-елдің тыныс-тірлігімен жете танысуға тағы бір мүмкіндік болып, алдағы күннің жоспарына нақты міндеттер қойылды.

Айсұлу Муса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Шыңғырлауда тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығыста қаза болғандарды еске алу шарасы өтті

Шыңғырлауда тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығыста қаза болғандарды еске алу шарасы өтті

1.05.2021, 19:25

Қарап отырып, қапы қалмайық

Қарап отырып, қапы қалмайық

25.03.2021, 16:07

Еңбегіне қарай құрметі

Еңбегіне қарай құрметі

3.03.2021, 20:24

Сырым ауданында

Сырым ауданында "Ашық әкімдік" кеңсесі ашылды

3.03.2021, 15:57

Елмен етене азамат

Елмен етене азамат

25.02.2021, 14:30

Қаратөбеліктер үшін «Ашық әкімдік» алаңы – тиімді мүмкіндік

Қаратөбеліктер үшін «Ашық әкімдік» алаңы – тиімді мүмкіндік

11.02.2021, 18:46

Жауапкершілік жүгін еселейді

Жауапкершілік жүгін еселейді

11.02.2021, 9:09

Жаңақалада «Ашық әкімдік» қызметі іске қосылды

Жаңақалада «Ашық әкімдік» қызметі іске қосылды

19.12.2020, 15:37

 Ауыл шаруашылық саласының үздіктері марапатталды

 Ауыл шаруашылық саласының үздіктері марапатталды

20.11.2020, 23:15

Шыңғырлау ауданында тактикалық оқу-жаттығу өтті

Шыңғырлау ауданында тактикалық оқу-жаттығу өтті

16.11.2020, 15:04

Шыңғырлауда тал-шіліктер отырғызылды

Шыңғырлауда тал-шіліктер отырғызылды

29.10.2020, 17:16

 Мал азығын дайындау жүз пайызға орындалды

 Мал азығын дайындау жүз пайызға орындалды

2.10.2020, 12:53

Шыңғырлаулық оқушы республикалық конкурстан олжалы оралды

Шыңғырлаулық оқушы республикалық конкурстан олжалы оралды

22.09.2020, 16:19

Шыңғырлауда

Шыңғырлауда "Радикалды теріс діни ағымдардың қоғамға кері әсері" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

10.09.2020, 12:18

Шыңғырлауда тұрғындар өз көшелерін мұнтаздай етті

Шыңғырлауда тұрғындар өз көшелерін мұнтаздай етті

8.09.2020, 15:18