19.07.2021, 9:30
Оқылды: 53

"Ауылдың ерекшелігі мен ахуалынан хабардар үміткер ғана сол жерді дамытуға мол үлес қоса алады"

-Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жаңа бастамасының бірнеше ерекшелігі бар. Бұған дейін ауыл әкімдері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихат депуттарының шешімі арқылы сайланып келген. Енді елді мекеннің басшысын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы анықтамақ. 25-ші шілде күні еліміздің бірқатар өңірінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді.

WhatsApp Image 2021-07-19 at 09.28.56

Сайлауда барлығымыз бірдей қалаған әкімдерімізге дауыс беретін боламыз. Сондықтан, менің ойым білімді, білікті, тәжірибелі, адамгершілігі мол, өз ауылының болашағын ойлайтын мамандар үміткер болып, сайлауға түсуі керек. Ауыл әкіміне сол аймақтан шыққан немесе сол өңірге қатысы бар адам сайлануға тиіс. Яғни елді мекеннің ерекшелігі мен ахуалынан хабардар үміткер ғана ауылды дамытуға мол үлес қоса алады деп есептеймін.
Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Тәуелсіз қазақ елінің байрағы биікте желбіреп, шаңырағына ырыс-құт қонсын десек, алдағы өтетін сайлауға баршаңызды белсенді қатысуға шақырамын!

Айбек Көшеғалиев,
Казталов аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале