10.11.2022, 17:48
Оқылды: 94

Әжелер ансамблі аудан атын асқақтатты

Тасқала аудандық «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің құрылғанына 35 жыл толуына орай облыстық «Ақжаулығым – тұмарым!» атты халықтық әжелер ансамблі ұжымдары арасындағы байқау өз мәресіне жетіп, нәтижесінде казталовтық «Гүлдерайым» халықтық әжелер ансамблі жүлделі ІІ орынды қанжығаға байлады.

6

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында құрылып, аудан мәдениетінің дамуына, соның ішінде дәстүрлі ән өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ансамбль осыған дейінде көптеген республикалық және халықаралық сайыстарда облыс пен ел намысын қорғап жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын. Осы орайда, ақ жаулықты әжелердің басын біріктіріп, биік белестерді бағындыруына мұрындық болып жүрген Нұрия Самиғоллақызының ұшан-теңіз еңбегін атап өтпесек болмас. Өнерімен дүйім жұртты тамсандырып, ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген «Гүлдерайым» халықтық әжелер ансамблі аудан мәдениетінің ажарына айналған.

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале