2.04.2021, 11:48
Оқылды: 54

«Әзірге қауіп жоқ»

 Күннің көзі жылынып, қыстай қатқан мұз бен қардың еритін шағы жеткенде қуанбайтын тіршілік иесі жоқ шығар. Алайда бұл мезгілде арқаны кеңге салып жайбарақат жүріп алуға да болмас.

0C65133B-593D-4318-A6CD-CBA79C114083
Жылдың қай мезгілінде де көрсететін табиғаттың өзіндік мінезі бар. Сондай жағдайлардың бірі - су тасқыны. «От пен су тілсіз жау» деп қазақ атамыз айтпақшы, қар еріп су келетін шақта қамсыз отырмаудың амалын ауылдағы ағайын жақсы біледі. Облыс бойынша көктем уақытында су тасқынын аса сақтықпен қарсы алатын аудандар бар. Соның бірі - өзіміз тұрып жатқан Тасқала ауданы. Кезінде Деркөл өзенінің арнасынан тасып әбігерге салғаны да есімізде. Жыл сайын болмаса да, ұмыттырып барып мінез көрсететін аталмыш өзеннің қазіргі жағдайын мамандардан сұрап білгенбіз.

0BD2ADB3-7791-4753-AA35-0D53D013B721

   -Қазіргі таңда Деркөл өзеніне қатқан мұздың қалыңдығы 50-55 см құрайды. Су тасқынының алдын алу мақсатында, осы күнге дейін 1100 ойық жасадық. Ол өзендердің мұздары еріген кезде су тасқыны болмаудың алдын алады. Айтпақшы ІІ Шежін, Атамекен, Амангелді және Тасқала ауылдық округтерінде құм салынған бірнеше қапшықтар дайындап қойдық. Деркөл өзенімен бірге Шежін өзенінің де қазіргі жағдайын бақылауда ұстап отырмыз. Әзірге қауіп жоқ,- дейді аудандық төтенше жағдай бөлімі бастығы, азаматтық қорғау капитаны Самат Мулдашев.

 Маманның айтуынша, аудандағы қазіргі ахуал осындай. Қауіпсіздік шаралары қолға алынуда. Осы тұрғыда төтенше жағдай мекемесінен бөлек, өзге де ұжымдар мен ауылдық округтегі азаматтар сақтық шараларына белсене араласуда.

Темірболат Тоқмамбетов,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале