21.10.2021, 12:20
Оқылды: 74

Бағдарлаудан өткен жарыс

Апта сейсенбісінде Ақжайық аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай экскурсиялық бағдарлау мен экологиялық бағдарлаудан оқушылар арасында жарыс ұйымдастырды.

IMG_5377

Ашылу салтанатында аталған орталықтың директоры Максим Үмбеталиев сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ауданның 18 мектебінен өлкетану, туризм және экология үйірмелерінің 12-14 жас ерекшеліктері арасында 68 оқушысы қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар келесідей нәтижеге қол жеткізді. Экскурсиялық бағдарлау жарысында ұлдар арасында Ерсайын Нұртілек (Есенсай орта мектебі), қыздар арасында Айсезім  Мендіғали (С.Ошанов атындағы орта мектеп) І орынға ие болса, жалпыкомандалық есепте С.Ошанов атындағы орта мектеп алдан көрінді. Сондай-ақ экологиялық бағдарлау жарысында ұлдар арасында Нұрсапа Мейрамов (Ж.Молдағалиев атындағы орта мектеп), қыздар арасында Диляра Қалел (аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығы), жалпыкомандалық есепте қарсыластарына дес бермеген аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығының командасы үздік көрінді.

Алия Игазиева,

Ақжайық аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығының өлкетану және музей ісі бөлімінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале