17.02.2022, 16:00
Оқылды: 53

Бағыт – «Алмалы-Орал-Алмалы»

Жуырда аудан орталығынан шалғайда орналасқан Алмалы ауылынан Орал қаласына қатынайтын көлік шықты. Бұл, әрине, осы және округке қарайтын Атамекен ауылының тұрғындары үшін үлкен игілік.

авто

Ауылдастарына пайдасы мол қызметті жергілікті «Әнуар» шаруа қожалығының иесі Қайырбек Қоспаев ұсыныпты. Өзінің қаражатына 19-орындық «Fiat Ducat» көлігін сатып алған ол күнделікті аталған бағыт бойынша жолға шығады. Бағасы да көңілге қонымды – 1500 теңге, әрі жайлылығын айтсаңызшы. Тапсырыс берген ауылдастарын үйден алып кететін шағын автобусқа жолшыбай Атамекен ауылындағы жолаушылар да отырады. Алмалыдан таңғы сағат алтыда шықса, Оралдан кері қарай 14.30-да аттанады.

– Негізінен, ауылдан облыс орталығына тұрақты түрде қатынайтын 5 такси жүргізушілері бар. Бірақ оларда жолақысы қымбат – бір бағытқа 2500 теңге. Осыған дейін қоғамдық кеңес өкілдері, ауыл ақсақалдары жол қатынасымен айналысатын жігіттерге бағаны түсіру жөнінде бірнеше рет тілек айтқанбыз. Бірақ олар көнбегесін, баламалы жолын іздестіріп, жергілікті кәсіпкерлермен сөйлесіп, екі ортаға қатынайтын шағын автобустың қызметін бастауды ұсындық. Көптің тілегін жерде қалдырмай, көп уақыт өтпей қолдаған Қ.Қоспаевқа халықтың ризашылығы зор, – дейді Алмалы ауылдық округінің әкімі Жарқынғали Ахмет.

Әсия Шырай,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале