25.02.2021, 11:23
Оқылды: 108

Бәйтерек аудандық тарихи-өлкетану музейі онлайн экскурсия ұйымдастырды

Жуырда Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен жас туристер стансасы бірлесіп, аудан орталығындағы туризм мұражайына онлайн экскурсия ұйымдастырған болатын. Осы бір тамаша бастама аудандық тарихи-өлкетану музейі де іліп алып, көрме ұйымдастырылды.

 IMG_1649 (1)

Ашылғанына көп болмаса да Переметныйдағы тарихи-өлкетану музейінің қоры толықтырылып келеді. Аудан тұрғындарын ел тарихымен таныстырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, елдің ұлттық рухын көтеру, көпшіліктің өлке тарихы мен мәдениетіне деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылған онлайн экскурсияға қатысқандар көп болды.

Желіде өткен экскурсия барысында өлкеміздің тарихы, ауданнан щыққан ардагерлер мен батырлар, сондай-ақ аймағымыздың экологиясы таныстырылды.

- Аудандық тарихи-өлкетану музейі 2018 жылы елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ашылған болатын. Содан бері өз жұмысын жалғастырып келеді. Музей негізінен «Аудан соғысы ардагерлері», «Рухани жаңғыру» және «Экология» атты үш залдан тұрады. Көрермендер музейіміздің әсерлі экспонаттарын тамашалап, ел тарихы жайында жаңа ақпарат алуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда онлайн экскурсияны @baiterekzhastaryинстаграм парақшаларынан көре аласыздар, - дейді музей директоры Ерназар Амангелдіұлы.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале